«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы » №164 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№164 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-99-43-03
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-99-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
06
қыркүйек
2023

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Жақсылық жаса!» ұранымен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

«Lanzhou Сервер» мейрамханасы   демеушілік көрсетіп, көп балалы отбасы  балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп сөмкесі таратылды.

 Алматы қаласы, Алатау ауданы,  Дархан ықшам ауданы «Ханшайым» балабақшасы демеушілік танытып көп балалы үш отбасын мектеп сөмкесін  қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Сыйлықтарды тарату барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп кеңес айтылды.

№164 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдіреді


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: