Қайырымдылық акциясы » №164 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№164 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-99-43-03
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-99-44-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайырымдылық акциясы
19
қаңтар
2017

Қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық пен ізгі ниетке арнап Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халқымызға тебірентер сөз айтқан еді: «Тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз».

Осындай мақсатпен 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында №164 ЖББМ «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы жалғасуда.https://weedgrowhub.com

 «Қамқорлық» акциясы жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр. Басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруға мүмкіндігі болмай қалатын балаларды алдын ала анықтап, оларға жәрдем беру. Жалпы, бұл акцияның өзектілігі мен қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр десем болады.

      Осы акция барысында жомарттық танытып өзін азаматтық тұлға ретінде көрсеткен мектебіміздің асханасын жалға алушы Жеке кәсіпкер «Алтын Ешетовна» аз қамсызданған отбасынан шыққан 2 оқушыға қыстық куртка, жылы аяқ киіммен қамтамасыз етіп, қайырымдылық көрсетті.

Бір адам жаққан отқа, мың адам жылынады.Ел еңсесін биіктеткен осындай мейірлі істер жаңа көк жиектерге бастай берсін, ата-бабамыздан мұра болып қалған қайырымдылық пен жомарттық болашақта да өз қадірін жоймаса екен, балаға жасаған жақсылық-өзімізге жасаған жақсылық деп білейік ағайын!

              Р.Абыханова, әлеуметтік педагог

№164 ЖББМ

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: