Қайырымдылық-ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі » №164 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№164 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-99-43-03
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-99-44-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайырымдылық-ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі
02
ақпан
2016

Қайырымдылық-ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі

«Қайырымдылық-ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі»

 

        Қайырымдылық  пен ізгі ниетке арнап Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: 

 «Тәуелсізді  баян  ету  аңсар  мұратымыз,  өтпелі  шақтағы   қиындықты жеңу азаматтық   міндетіміз, ал  тұрмысы   төмен  азаматтарға,  ата-аналарының  қамқорынсыз  қалған  балаларға  қолдау  көрсету адамгершілік  парызымыз.» - деп айтқандай,   №164 жалпы білім беретін мектепте Республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.  Шара барысында, мектеп директоры Накысбеков Дархан Сатылғанұлы өзі бастап аз қамсызданған отбасынан шыққан  9 «В» сынып оқушысы Серғулиев Дастанды қамқорлығына алып, мектеп формасы және мектеп құралдарымен қамтамасыз етті. https://weedinfocus.com

                                    Қайырымдылық-ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі

          Акция  барысында жомарттық   танытып  өзін  азаматтық  тұлға ретінде көрсеткен  ауданымыздың  белгілі  жеке  кәсіпкерлерінің  бірі  «Абызбай»  аз қамсызданған  отбасынан  шыққан 2-оқушыны қыстық етікпен  қамтамасыз  етсе, «Ақ  Отау» мейрамханасы мен  «Талғат» кафесінің әкімшілігі  қамқорлыққа алынған 2-оқушыны қыстық киімдермен қамтамасыз етіп қайырымдылық танытты.

  Ел  еңсесін  биіктеткен  мерейлі  істер  жаңа  көк жиектерге  бастай  берсін, ата-бабамыздан мұра  болып  қалған  қайырымдылық  пен  жомарттық  болашақта  да  өз  қадірін  жоймаса  екен,  балаға  жасаған  жақсылық-өзімізге  жасаған  жақсылық  деп  білейік, ағайын!

 

Римма Абыханова
№164 жалпы білім беретін мектептің

әлеуметтік педагогы    

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: