№164 жалпы білім беретін мектеп 1-қыркүйек білім күні » №164 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№164 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-99-43-03
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-99-44-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №164 жалпы білім беретін мектеп 1-қыркүйек білім күні
19
қазан
2015

№164 жалпы білім беретін мектеп 1-қыркүйек білім күні

№164 жалпы білім беретін мектепте 1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын сағат 09:00 басталды. Мектеп ауласы салтанатты жиынға әсем безендірілді. Музыка әуенімен салтанатты жиын ашылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұраны шырқалды. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1 сынып бүлдіршіндерін салтанатты жиынға кіргізу рәсімі болып өтті.    Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Д.С.Накысбековтың баяндамасымен ашылды, өз баяндамасында өткен оқу жылында  мектептің жеткен жетістіктеріне жеке тоқталып, мектеп ұжымы мен мектеп оқушыларына алғыс білдірді.

«Алғашқы қоңырау» салтанатты  жиынға Алатау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ж.Найзаева қатысып  оқушыларды білім күнімен құттықтап, мектеп ұжымына табыс тіледі. Алғашқы қоңырауды соғу рәсімі 1-сынып бүлдіршіні Тоқан Бағжан мен Жексенбек Арай және 11 сыныбының үздік оқушылары Миятова Сая, Бектібаев Жоламанға берілді.

Салтанатты жиын соңында  «Ерлік сабағы» тақырыбында тәрбие сағаты өтілетіні хабарланып, оқушылар ішке кіргізілді. Тәрбие сағатына мектеп директоры Д.С.Накысбеков, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Д.Бейқұтұлы мен Л.Жиеналиева қатысып  сынып сағаттарының жүйелі түрде өткізілгендігін атап өтті.

 

№164 жалпы білім беретін мектеп 1-қыркүйек білім күні

 

№164 жалпы білім беретін мектеп 1-қыркүйек білім күні

 

№164 жалпы білім беретін мектеп 1-қыркүйек білім күні

 

№164 жалпы білім беретін мектеп 1-қыркүйек білім күні

 

№164 жалпы білім беретін мектеп 1-қыркүйек білім күні

 

№164 жалпы білім беретін мектеп 1-қыркүйек білім күні

 

№164 жалпы білім беретін мектеп 1-қыркүйек білім күні

 

№164 жалпы білім беретін мектеп 1-қыркүйек білім күні

 

№164 жалпы білім беретін мектеп 1-қыркүйек білім күні

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: