Закирова Айна Срымхановна
Закирова Айна Сырымханқызы 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Балықты ауылында дүниеге келдім. Мектеп табалдырығын Тараз қаласының Жамбыл Жабаев атындағы №5 гимназиясын аттап, 11-сыныпты сол мектепті үздік аттестатқа бітіріп шықтым.
2002 ж Тараз Мемлекеттік Университетіне конкурстық негізде физика және информатика мамандығы бойынша грант иеленіп, 2006 жылы бітіріп шықтым.
Еңбек жолын 2007 жылы ақпан айында Алматы қаласының Медеу ауданы,№100 орта мектебінде информатика пәні мұғалімі ретінде бастадым.
2008 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданы «Жаңа Ғасыр» гимназияға информатика пәні мұғалімі ретінде ауыстым.
2015-2016 жж аталған гимназияда директордың бейін және ғылыми ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым.
2016-2025 жылдың ақпан айына дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болдым.