18
қараша
2024
💸💸ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА - ТЕҢГЕ КҮНІ 💸💸 1995 жылдан бастап 15 қараша ұлттық валюта күні болып бекітілді.
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында 2024 жылдың 15 - қарашасы күні мектебімізде “Ұлттық валюта-теңге” тақырыбында кішігірім сауалнама алынды.
- Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
- Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
- Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
[media=]