15
қазан
2024
🔸️ ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі.
Осыған орай, мектебімізде 9-11 сынып оқушыларымен “ Есірткісіз жастар ” тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, әңгіме- сұқбат жүргізілді.
Аталған кездесуде нашақорлыққа қарсы алдын-алу жұмыстарын жүргізе отырып, нашақорлықтың зардабы мен адам өміріне залалы туралы жинақтаған ақпараттарымен бөлісіп, мектеп оқушыларымен ой бөлісті.
Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады. Қазіргі таңда білім ошақтарында түрлі семинар, дәрістер мен дөңгелек үстел, сондай-ақ ата-аналардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Біз күш біріктірудің арқасында өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз ететінімізге сенеміз.