Мектебімізде "Бала өмірінің қауіпсіздігі " тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. » №164 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№164 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-99-43-03
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-99-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде "Бала өмірінің қауіпсіздігі " тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
23
қыркүйек
2024

Мектебімізде "Бала өмірінің қауіпсіздігі " тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бағдатова Назым Арнайқызы баланың өмір қауіпсіздігі үлкен жауапкершілік екендігін ,әрбір ата-анаға балаларды қадағалауын, интернет желілеріндегі қауіптермен зиянды тұстары туралы баса ескертіп айтты.
Өз кезегінде мектеп психологы Камал А ата -аналарға баланың интернет желісінде отырудың денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін ашып айтып, интернетке тәуелділіктің алын-алу бойынша ақпараттар мен кеңестер беріп өтті.
Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – денсаулығы мықты, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани бай, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Балалардың қауіпсіздігіне ең алдымен назар аудару керек. Балаларды интернеттегі ақпараттық қауіптерден қорғау, зиянды сайттар мен ойындардан аулақ ұстау маңызды. Күніне бірнеше сағат интернет желісінде отыру баланың психикалық, рухани және адамгершілік дамуына кері әсер етеді. Бала өзін қауіпсіз сезінгенде, сенімді болады. Бала қауіпсіздігі біз үшін бірінші орында.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: