2015 жылдың және соның ішінде 9 айының (қаңтар - қыркүйек) кіріс және шығыс қаржы есебіне түсіндірме » №164 Жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№164 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2-99-43-03
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-99-44-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2015 жылдың және соның ішінде 9 айының (қаңтар - қыркүйек) кіріс және шығыс қаржы есебіне түсіндірме
14
қазан
2015

2015 жылдың және соның ішінде 9 айының (қаңтар - қыркүйек) кіріс және шығыс қаржы есебіне түсіндірме

          «Мектеп –кеме, білім-теңіз» десек, сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын- мектеп.  

        Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан әлемнен өзіне керек баға жетпес білім атты байлықты алып, өміріне сарқылмас нәр жиып беретін алтын ұя!https://weedlex.com

        Ел тірегі, көркі- білімді саналы ұрпақ. Қазақ мектебінің болашағы туралы  М. Жұмабаев  «Әрбір елдің келешегі- мектебіне байланысты» деп айтқандай  1991 жылы  Алматы облысы Іле ауданында №12 қазақ мектеп оқушыларға есік ашты. Әр баланың егеменді елдің ертеңі болуына,  туған жердің қасиетін дарытып, ана тілінің  жанашырына айналуына айрықша үлес қосқан мектеп 2000 жылы  №164 қазақ орта мектеп болып Алматы қаласы Жетісу ауданының құрамына енді.  Осы жылдары оқушы саны 1000-ға дейін жеткен.

        2007жылы Алматы қаласында 7-ші аудан Алатау ауданының ашылуына байланысты осы аудан құрамына енгізіліп, №164 жалпы білім беретін мектеп болып өзгертілді. Алғаш мектеп ашылған кездегі мектеп басшысы болып  Култанов Асан Қасымбекұлы  сайланды.  Мектеп ашылғалы Тохмолдаев Нуркасым Молдасанұлы,Оспанова Райхан, Бейсенбаев Ғани Бектайұлы, Сембаев Бекет Сләмғазыұлы., Искаков Әлішер Искакұлы, Бәйімбек Елеусіз Мұқайұлы басшылық етті.

        2013-2014 оқу жылынан бастап, қазіргі таңға дейінгі мектеп директоры Дархан Сатылғанұлы Накысбеков басқарады.

      Жалпы мектептің жер көлемі- 1.1479 га, сыйымдылығы- 320, сынып жиынтығы- 42, мектепалды даярлық тобы- 4.

      Бүгінгі таңда мектебімізде 632 оқушы білім алуда.  Жалпы қызметкерлер саны- 91, оның ішінде  70 мұғалім, 21 кіші қызметкерлер.Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты – 19 мұғалім,  оның ішінде Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі- Л. Сарсембина, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Лидер образования» медалінің иегері- Д. Қайыңбаева, біліктілігі жоғарғы деңгейдегі І санатты - 19 мұғалім, біліктілгі жоғарғы деңгейдегі ІІ санатты – 13 мұғалім. Қатарымыз  биыл жоғары  оқу орнын бітірген 19 жас маманмен толықты. Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінің алдында өз бетінше іздене алатын, өзіне қажетті білімді өз бетінше ала алатын тұлға тәрбиелеу міндеті тұр. Осындай жеке тұлға тәрбиелеу және біліктілік деңгейін көтеру мақсатында 8 мұғалім үш айлық деңгейлік курсты бітіріп, жаңа форматтағы сабақ үлгілері бойынша әріптестерімен бірлесе отырып, еңбек етуде. Мектебімізде оқу үрдісі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі. Оқу мекемесінің бейіндік бағыты – гуманитарлық және жаратылыстану бағыты.     

        Оқушылардың заман талабына сай жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Мектепте оқушы бойындағы талап пен талантты жетілдіру мақсатында әр түрлі факультативтік және үйірме сабақтары жүреді. Хореография, домбыра үйірмелерімен қатар спорт сүйер оқушыларға арналған «Дзюдо» үйірмесі жұмыс істейді. Мектепте 26 оқу кабинеттері бар, оның ішінде 14 кабинет сертификатталған. We choose only best online bingo sites for you to play at and and get the maximum pleasure. Read best online bingo reviews and ratings including list of games, complaints, latest bonus codes and promotions. Сонымен қатар 1 мультимедия, 1 информатика физика, химия, биология, алғашқы әскери дайындық кабинеттері , арнайы жабдықталған. Сондай- ақ 12 интербелсенді тақта оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді. 

   Шәкірт жеңісі - ұстаз еңбегінің жемісі. Ұстаздар қауымы еңбегінің нәтижесі ҰБТ- те көрінеді.  2014- 2015 оқу жылында мектебіміздің орта балы – 101,5.  Алматы қаласы бойынша 206 білім ордасының ішінде 20- орынды, Алатау ауданы бойынша 19 білім ордасы ішінде 6- орынды иелендік. Екі оқушымыз: Тұрлан Динара (120 балл),  Әбілжан Гүлзия (115 балл) «Алтын белгі» белгісін, үш оқушымыз: Жақып Ақбота (112 балл), Данайбаева Жарқынай (115 балл), Ділдан Асел ( 114 балл) «Үздік аттестат» алып, өз білімдерін дәлелдеді.

 

    Мектеп ұжымы білімді ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсат деп ұстанып,   

 алдағы      

 уақытта да шынайы шығармашылықпен жұмыс жасайды.

 

  Мектебіміз толыққанды жұмыс жасауға мүмкіндік алу үшін мемлекетіміз қаржыландырып отырады.  2015 жылға 136 357 000 теңге қаржы бөлінді. 2015 жылдың  9 айының (қаңтар - қыркүйек) кіріс және шығыс есебіне тоқталып өтейін:

 

         I.   2015 жылдың  9 айының (қаңтар - қыркүйек)  кірісі  109 135 000 теңгені құрады, оның ішінде:

-         Бюджеттен қаржыландыру  107 443 000  теңге

-         Жалпыға бірдей білім беру қоры 1 692 000 теңге

-         Машиналар , жабдықтар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарды  сатып алу ( кондиционер, күрек, шелектер) 200 000 теңге.

Сонымен қатар жергілікті бюджет қаржы есебінен 103 422 000 теңге, республикалық бюджеттен 5 713 000 теңге бөлінді.

 

         II. 2015 жылдың  9 айының (қаңтар - қыркүйек)  шығысы  109 135 000 теңгені құрады, оның ішінде:

 

111

Еңбек ақы

68 592 000

 

оның ішінде республикалық бюджеттен –5 502 000 теңге, жергілікті бюджеттен- 63 590 000 теңге

 

112

Қосымша төлемдер

2 550 000

113

 Демалысқа емдік өтемақы

3 819 000

121

Әлеуметтік салық

4 201 000

122

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар

3 130 000

 

Барлық еңбекақы бойынша шығын

82 292 000

 

142

Оқушылардың алғашқы медициналық көмек алуына қажетті дәрі- дәрімектерге

49 000

144

Жылу жүйесіне жанар-жағармай сатып алынды

5 945 000

 

149

Басқа тауарларды сатып алу, оның ішінде

1 668 000

 

Шаруашылық құрал-саймандар мен тауарларды сатып алу

942 900

1

Сыпырғы

17 000

2

Аула сыпырғысы

55 000

3

Резиналық қолғап

73 000

4

Швабралар

9 000

5

Еден жуатын мата

154 000

6

Мектеп боры

28 000,00

7

Қоқыс контейнерлері темір

52 000

8

Электр тауарлары және басқадай қажеттілік

121 000

9

Дезинфекциялық заттар

118 900

10

Иіс сабын

19 500

11

Кір ұнтағы

116 000

12

Сенбілікке арналған қолғап

75 000

13

Сенбілікке арналған қап

50 000

14

Шаруашылық сабын

19 500

15

Сұйық сабын

35 000

 

 

Спорт тауарларын сатып алу

150 000

1

Волейбол добы

30 500

2

Футбол добы

42 000

3

Скакалка

11 000

4

Волейбол сеткасы

9 000

5

Үстел теннисінің ракеткалары

22 000

 6

Силометр

4 400

 7

Тартыс үшін арналған канат

14 000

8

Шахматтар

4 400

9

 Пластикалық шашкалар

8 050

10

Бадминтон валанчиктері

650

11

Секундомер

4 000

 

 

 

Канцеляриялық  және басқадай  тауарларды сатып алу

525 100

1

Бұйрықтар журналы, кіріс - шығыс журналдары

29 400

2

Калькулятор, файлдар, тіркеуші папкалар

44 100

3

папка, степлер, антистеплер, флэшка, қаламсаптар

41 000

4

қайшы, сызғыш, факс қағазы, ұштағыш, түрлі-түсті қағаздар

20 600

5

Ақ кағаз (А4)

190 000

6

Сынып журналы, табель, мақтау қағаздары

50 000

7

Картридждер

150 000

 

Бір рет қолдануға арналған су ішетін стақандар

50 000

 

151

Коммуналдық қызмет (суық суға  және электроэнергияға)

1 506 000

152

Байланыс қызметтері

193 000

153

Көліктік қызмет төлемдері "Жас түлек", ҰБТ

80 000

 

159

Өзге де қызметтер мен іс-шаралар төлеу, оның ішінде

15 357 000

 

1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту

6 560 000

1

Қаңтар айына

1 312 000

2

Ақпан айына

1 230 000

3

Наурыз айына

1 066 000

4

Сәуір айына

1 804 000

5

Мамыр айына

1 148 000

 

Ағымдағы жөндеу жұмыс

3 200 000

1

Дәліздегі линолеумдарды ауыстыру

250 м2

 2

Кабинеттердегі линолеумдарды ауыстыру

540 м2

3

Қабырғаларды, төбелерді  әктеу жұмыстары

1938,5 м2

4

Радиаторлар мен трубаларды сырлау жұмыстары

70,2 м2

5

Баспалдақтарды сырлау жұмыстары

44 м2

6

Есіктерді сырлау жұмыстары

24 м2

7

Есіктерді ауыстыру

 10 дана

8

Қабырғаларды сырлау  жұмыстары

 1003 м2

 

 

Басқадай шығындар

5 597 000

1

Ғимарат ішін дератизациялау және дизенфекциялау

74 000

2

Экологиялық мониторинг бойынша есеп дайындау

30 000

3

Компьютерлерді жөндеуге және картриджерді толықтыру

150 000

4

Жылыту жүйесіне техникалық қызмет көрсету

150 000

5

Программалық есеп бағдарламасы

110 000

6

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару

86 000

7

Бейне бақылауға, өртке қарсы сигнал беруге және қауіпсіздік дабылы

958 000

8

Мектеп аумағын күзету

2 486 000

9

Банк қызметіне- мектеп қызметкерлерінің айлық жалақысын картсчетпен алу

194 000

10

Мектеп қызметкерлерінің медициналық тексерістерден өту

129 000

11

Эмиссиялар нормативтерін әзірлеу

200 000

12

Мектеп стендтерді жасау

1 000 000

13

Өртсөндіргіштерді қайта зарядтау

30 000

 

169

Басқа да ағымдағы шығындар , оның ішінде

153 000

 1

Шөлмекке құйылған ауыз су 

136 000

2

Сұйық отын шығарындыларың мониторингі

17 000

163 

Аз қамсызданған отбасы балаларына  53 оқушыға жалпыға бірдей білім беру қорынан

1 692 мың теңге қаржылай, материалдық көмек көрсетілді.  2015 жылдың мамыр айында

 

Үш милион үш жүз сексен төрт теңге, соның 

1 692 000 қаржылай ата-аналарға берілді

 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап  53 оқушы 1 692 мың теңгеге мектеп асханасынан  тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Қалғаны ыстық тамаққа беріледі

1 692 000

414

Машиналар , жабдықтар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарда сатып алу

200 000

1

Шелектер

15 000

2

Күректер

45 000

3

Кондиционер

140 000

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: