Қайырымдылық-ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі
«Қайырымдылық-ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі»
Қайырымдылық пен ізгі ниетке арнап Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев:
«Тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз.» - деп айтқандай, №164 жалпы білім беретін мектепте Республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында, мектеп директоры Накысбеков Дархан Сатылғанұлы өзі бастап аз қамсызданған отбасынан шыққан 9 «В» сынып оқушысы Серғулиев Дастанды қамқорлығына алып, мектеп формасы және мектеп құралдарымен қамтамасыз етті. https://weedinfocus.com
Акция барысында жомарттық танытып өзін азаматтық тұлға ретінде көрсеткен ауданымыздың белгілі жеке кәсіпкерлерінің бірі «Абызбай» аз қамсызданған отбасынан шыққан 2-оқушыны қыстық етікпен қамтамасыз етсе, «Ақ Отау» мейрамханасы мен «Талғат» кафесінің әкімшілігі қамқорлыққа алынған 2-оқушыны қыстық киімдермен қамтамасыз етіп қайырымдылық танытты.
Ел еңсесін биіктеткен мерейлі істер жаңа көк жиектерге бастай берсін, ата-бабамыздан мұра болып қалған қайырымдылық пен жомарттық болашақта да өз қадірін жоймаса екен, балаға жасаған жақсылық-өзімізге жасаған жақсылық деп білейік, ағайын!
Римма Абыханова
№164 жалпы білім беретін мектептің
әлеуметтік педагогы