Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Қайырымдылық-ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі

Автор: admin от 2-02-2016, 18:46, посмотрело: 484

0

«Қайырымдылық-ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі»

 

        Қайырымдылық  пен ізгі ниетке арнап Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: 

 «Тәуелсізді  баян  ету  аңсар  мұратымыз,  өтпелі  шақтағы   қиындықты жеңу азаматтық   міндетіміз, ал  тұрмысы   төмен  азаматтарға,  ата-аналарының  қамқорынсыз  қалған  балаларға  қолдау  көрсету адамгершілік  парызымыз.» - деп айтқандай,   №164 жалпы білім беретін мектепте Республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.  Шара барысында, мектеп директоры Накысбеков Дархан Сатылғанұлы өзі бастап аз қамсызданған отбасынан шыққан  9 «В» сынып оқушысы Серғулиев Дастанды қамқорлығына алып, мектеп формасы және мектеп құралдарымен қамтамасыз етті. https://weedinfocus.com

                                    Қайырымдылық-ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі

          Акция  барысында жомарттық   танытып  өзін  азаматтық  тұлға ретінде көрсеткен  ауданымыздың  белгілі  жеке  кәсіпкерлерінің  бірі  «Абызбай»  аз қамсызданған  отбасынан  шыққан 2-оқушыны қыстық етікпен  қамтамасыз  етсе, «Ақ  Отау» мейрамханасы мен  «Талғат» кафесінің әкімшілігі  қамқорлыққа алынған 2-оқушыны қыстық киімдермен қамтамасыз етіп қайырымдылық танытты.

  Ел  еңсесін  биіктеткен  мерейлі  істер  жаңа  көк жиектерге  бастай  берсін, ата-бабамыздан мұра  болып  қалған  қайырымдылық  пен  жомарттық  болашақта  да  өз  қадірін  жоймаса  екен,  балаға  жасаған  жақсылық-өзімізге  жасаған  жақсылық  деп  білейік, ағайын!

 

Римма Абыханова
№164 жалпы білім беретін мектептің

әлеуметтік педагогы    

 

 

Категория: Ата-аналарға

 

.№164 жалпы білім беретін мектепке қабылдау тәртібі

Автор: admin2 от 20-10-2015, 14:11, посмотрело: 888

0

№164 жалпы білім беретін мектепке қабылдау тәртібі 

 

Мектепке балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

1)    Баланың заңды өкілдерінен өтініш;

2)    Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3)    Денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);

4)    Тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;

5)    3х4 көлеміндегі сурет 2 дана

 

 Ата – аналарға психологиялық кеңестер:

- Үйде баланы сабақ қарауға ыңғайлы орынмен қамтамасыз етіңіз, үйдегілердің оған кедергі жасамауын қадағалаңыз;

- Емтихан қарсаңында баланың үрейін ұлғайтпаңыз;

- Балаға дайындалатын тақырыптарды күндерге бөлуге көмектесіңіз;

- Балаға сенім білдіріп, оның өзіне деген сенімділігін арттырыңыз;

- Баланың емтиханға дайындалу тәртібін бақылаңыз, шамадан тыс жүктеуге жол бермеңіз;

 Баланың тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақтар, курага және т.б. сол сияқты тағамдар мидың жұмысын жақсартады;

- Емтихан қарсаңында баланың дұрыс тынығуына жағдай жасаңыз, ол демалуы және ұйқысын қандыру керек;

- Баланы емтиханнан кейін сынаққа алмаңыз;

- Ең бастысы – баланың  мазасыздануы мен үрейленуін азайту және оған сабақ қарауына ыңғайлы жағдай туғызу, артық заттардың барлығын алып тастап, керекті құрал саймандармен қамтамасыз ету (дәптер, қағаз, қалам).

  ҰБТ дайындық барысында жүргізілген психологиялық қолдау жұмыстарымен ата-аналар да таныстырылды....

Категория: Ата-аналарға

 
 

2015 жылдың кіріс және шығыс қаржы есебіне түсіндірме

Автор: admin от 25-01-2016, 21:00, посмотрело: 422

0

2015 жылдың  кіріс және шығыс қаржы  есебіне түсіндірме

          «Мектеп –кеме, білім-теңіз» десек, сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын- мектеп.  

        Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан әлемнен өзіне керек баға жетпес білім атты байлықты алып, өміріне сарқылмас нәр жиып беретін алтын ұя!

        Ел тірегі, көркі- білімді саналы ұрпақ. Қазақ мектебінің болашағы туралы  М. Жұмабаев  «Әрбір елдің келешегі- мектебіне байланысты» деп айтқандай  1991 жылы  Алматы облысы Іле ауданында №12 қазақ мектеп оқушыларға есік ашты. Әр баланың егеменді елдің ертеңі болуына,  туған жердің қасиетін дарытып, ана тілінің  жанашырына айналуына айрықша үлес қосқан мектеп 2000 жылы  №164 қазақ орта мектеп болып Алматы қаласы Жетісу ауданының құрамына енді.  Осы жылдары оқушы саны 1000-ға дейін жеткен.

        2007жылы Алматы қаласында 7-ші аудан Алатау ауданының ашылуына байланысты осы аудан құрамына енгізіліп, №164 жалпы білім беретін мектеп болып өзгертілді. Алғаш мектеп ашылған кездегі мектеп басшысы болып  Култанов Асан Қасымбекұлы  сайланды.  Мектеп ашылғалы Тохмолдаев Нуркасым Молдасанұлы,Оспанова Райхан, Бейсенбаев Ғани Бектайұлы, Сембаев Бекет Сләмғазыұлы., Искаков Әлішер Искакұлы, Бәйімбек Елеусіз Мұқайұлы басшылық етті.

Категория: Ата-аналарға

 

2015 жылдың және соның ішінде 9 айының (қаңтар - қыркүйек) кіріс және шығыс қаржы есебіне түсіндірме

Автор: admin от 14-10-2015, 18:06, посмотрело: 848

0

          «Мектеп –кеме, білім-теңіз» десек, сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын- мектеп.  

        Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан әлемнен өзіне керек баға жетпес білім атты байлықты алып, өміріне сарқылмас нәр жиып беретін алтын ұя!

        Ел тірегі, көркі- білімді саналы ұрпақ. Қазақ мектебінің болашағы туралы  М. Жұмабаев  «Әрбір елдің келешегі- мектебіне байланысты» деп айтқандай  1991 жылы  Алматы облысы Іле ауданында №12 қазақ мектеп оқушыларға есік ашты. Әр баланың егеменді елдің ертеңі болуына,  туған жердің қасиетін дарытып, ана тілінің  жанашырына айналуына айрықша үлес қосқан мектеп 2000 жылы  №164 қазақ орта мектеп болып Алматы қаласы Жетісу ауданының құрамына енді.  Осы жылдары оқушы саны 1000-ға дейін жеткен.

        2007жылы Алматы қаласында 7-ші аудан Алатау ауданының ашылуына байланысты осы аудан құрамына енгізіліп, №164 жалпы білім беретін мектеп болып өзгертілді. Алғаш мектеп ашылған кездегі мектеп басшысы болып  Култанов Асан Қасымбекұлы  сайланды.  Мектеп ашылғалы Тохмолдаев Нуркасым Молдасанұлы,Оспанова Райхан, Бейсенбаев Ғани Бектайұлы, Сембаев Бекет Сләмғазыұлы., Искаков Әлішер Искакұлы, Бәйімбек Елеусіз Мұқайұлы басшылық етті.

        2013-2014 оқу жылынан бастап, қазіргі таңға дейінгі мектеп директоры Дархан Сатылғанұлы Накысбеков басқарады.

      Жалпы мектептің жер көлемі- 1.1479 га, сыйымдылығы- 320, сынып жиынтығы- 42, мектепалды даярлық тобы- 4.

      Бүгінгі таңда мектебімізде 632 оқушы білім алуда.  Жалпы қызметкерлер саны- 91, оның ішінде  70 мұғалім, 21 кіші қызметкерлер.Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты – 19 мұғалім,  оның ішінде Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі- Л. Сарсембина, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Лидер образования» медалінің иегері- Д. Қайыңбаева, біліктілігі жоғарғы деңгейдегі І санатты - 19 мұғалім, біліктілгі жоғарғы деңгейдегі ІІ санатты – 13 мұғалім. Қатарымыз  биыл жоғары  оқу орнын бітірген 19 жас маманмен толықты. Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінің алдында өз бетінше іздене алатын, өзіне қажетті білімді өз бетінше ала алатын тұлға тәрбиелеу міндеті тұр. Осындай жеке тұлға тәрбиелеу және біліктілік деңгейін көтеру мақсатында 8 мұғалім үш айлық деңгейлік курсты бітіріп, жаңа форматтағы сабақ үлгілері бойынша әріптестерімен бірлесе отырып, еңбек етуде. Мектебімізде оқу үрдісі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі. Оқу мекемесінің бейіндік бағыты – гуманитарлық және жаратылыстану бағыты.     

        Оқушылардың заман талабына сай жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Толығымен,,,,

Категория: Ақпарат, Ата-аналарға